Ең алдымен, сабағымызды қарым-қатынасымызды нығайту үшін «Біз біргеміз» жаттығуымен бастадық.
Мақсаты: Оқушыларды бірлікке,ынтымақтастыққа,көпшілдікке шақыру.
Нұсқау: оқушылар бір қарындаштан қолдарына алып, саусақтарының ұшымен ұстап қолдарын көтеріп және түсіріп жаттығуды бірнеше рет орындауы керек.
Әдістеме тақырыбы: Л.П. Пономаренконың «Ағаш» әдістемесі
Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас деңгейін анықтау, өзіндік бағалау деңгейін анықтау.
Әдістемеде ағаштағы адамдардың көңіл-күйі әртүрлі және әрқайсысының өзіне ғана тән орны бар екендігі түсіндіріліп. Ең алдымен, оқушыларға қайсысы көбірек ұқсайтынын анықтатып. Артынша ұқсағысы келетін адамды таңдау тапсырылды.
Сабақ соңында,«Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын» сауалнамасы алынды.
1.Зорлық деген сөзді қалай түсінесің? 7 оқушы тек күш көрсету, қол жұмсау,мәжбүрлеу,қорқыту деп жауап берді.2. Сенің ойыңша, қай жерлерде, кімнен бала қорлық-зорлыққа тап болуы мүмкін? - көшеде, бейтаныс адамдардан 5 оқушы, 2 оқушы мектептегі оқушылардан.3.Қиын жағдайда не істейсің? Әке анамнан көмек сұраймын-2 оқушы, Өз проблемамды өзім шешуге тырысамын-2 оқушы, Сынып жетекшіге жолығамын, Әлеуметтік педагогқа жолығамын-2 оқушы, Достарыммен шешемін-1 оқушы.4. Ата-анаңмен қарым-қатынасың қандай? - Жақсы қарым-қатынастамын-5 оқушы, ата-анам досым-2 оқушы.5. Жазалау барысында көбіне қандай шара қолданады? ұрысады-4 оқушы, - дұрыс еместігін түсіндіргісі келеді-3 оқушы.6.Әке- анаңның жазалауымен келісесің бе? Иә-2 оқушы,иә деп айтуға болады-3 оқушы, жоқ-2 оқушы.7. Бір нәрсеге ашуланып ,сенен өш алған уақыттары болды ма? еш уақытта-7оқушы. 8. Өз жанұяңда паналы, сүйікті екеніңді сезінесің бе? Иә-5 оқушы,жоқ-2 оқушы.9. Егерде адам зорлыққа тап болса, қандай мекемелерден көмек сұрай алады деп ойлайсың?Полицияға барам -5 оқушы, ата-анадан-2 оқушы.10. Біздің заманымызда баланы зорлықтан қорғау үшін қандай құжаттар бар?балаларды ұруға болмайды,сағат оннан кейін жүрмеу-2 оқушы,баланы қорғау үшін көптеген заңдар шығарылған,көптеген,білмеймін -2 оқушы.