Ақтан Төлеубаев атындағы ЖОББМ-нің аясында Қорғалжын ауданының педагог-психологтары және әлеуметтік педагогтардың «Өмірлік дағдыларды қалыптастыру арқылы білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтау және нығайту» тақырыбында практикалық семинары өтті.
Мақсаты: Психологиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелерін талқылау,жетістіктерді көрсету және мамандар мен кәсіби ұжымдардың тиімді тәжірибесін жалпылау.
Міндеттері: Педагогикалық психологтардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту; Қарым-қатынас жасаудың тиімді дағдылары мен тәсілдерін меңгеру.
Семинар өте жақсы көңіл күймен басталды,кіріспе сөзді Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық бойынша бас маманы Шекенова Г.Р. бастады. Семинар өте қызықты өтті,баяндамашылар қызықты тақырыптарға баяндама оқыды. Семинар соңында «Адам – өз өмірінің суретшісі», «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты тренингтер өткізілді.