"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Актана Толеубаева села Коргалжын отдела образования по Коргалжынскому району управления Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде бармыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Годовой отчет по воспитательной работе

     «Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2025-2026  оқу жылының «АДАЛ АЗАМАТ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы аясында  өткен іс-шаралардың жылдық  есебі

Қыркүйек

Мақсаты:

       Оқушылардың тұлғалық дамуын, ұлттық құндылықтарды, патриоттық сана мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық және рухани-адамгершілік тәрбие беру.

             2025 жылдың 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім- мейірім мекені!» тақырыбында 1 сынып бүлдіршіндеріне арналған  салтанатты жиын өтті. 1 қыркүйек — бірінші сынып оқушылары үшін ерекше мереке. Биыл мектеп табалдырығын алғаш аттаған 15 бүлдіршінді

Қорғалжын ауданы әкімі Алин Алмас Аянұлы, алғашқы қадамдарымен құттықтап, білім жолында сәттілік тіледі. Бүгінгі алғашқы қоңырау күні құтты болсын! Биылғы оқу жылы зейінді де білімді оқушыларымыз көп болсын!

2 қыркүйек күні “Менің Отаным-Қазақстан”  тақырыбында  1-11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары өтті.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аптаның әр дүйсенбі күндері ҚР Әнұраны орындалып, қалған күндері «Таңғы жаттығу» өткізіледі.

 

      “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аптаның әр жұма күндері Ұлттық киіммен мектепке келіп, спорт түрлерін насихаттау және оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп оқушыларына үлкен үзіліс уақытында «Асық ату», тоғызқұмалақ, арқан тарту, бес асық т.б ойындар ойнатылады. Іс-шараға балалар ерекше қызығушылық танытып, белсене қатысады.  Іс-шара оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға өз септігін тигізді.

9  қыркүйек күні Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні және Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай 7-8 сыныптар арасында тоғызқұмалақ ойынынан челлендж өткізілді.

Ұйымдастырған: денешынықтыру пәнінің мұғалімі. А. Мусин

    11 қыркүйек күні 8–11 сынып оқушылары арасында

“ Терроризм мен экстремизм – қоғамға қауіпті құбылыс” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

*Мақсаты:*

- Оқушыларға терроризм, діни экстремизм ұғымдары туралы түсінік беру;

- Жастарды жат идеологиядан сақтау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру;

- Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жауапкершілікті түсіндіру.

Жиналыс барысында оқушыларға терроризм мен экстремизмнің зияны туралы бейнематериал көрсетіліп, нақты мысалдар келтірілді. Мұғалімдер мен әлеуметтік педагог террорлық әрекеттердің салдары, заң аясындағы жазалар туралы ақпарат берді.

Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу болды. Қауіпсіздік шаралары, күдікті жағдай туындаған кезде не істеу керек екені түсіндірілді (төтенше жағдай кезіндегі әрекет алгоритмі айтылды).

 11 қыркүйек күні Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен

“Құқықбұзушылықтың алдын алу”, “Есірткі қылмысының алдын алу”, “ Интернет алаяқтықтың алдын алу”, “ Жыныстық қатынастың алдын алу” “ Буллингтің алдын алу” тақырыптарында 8-10 сынып оқушылары арасында жиналыс өтті.

*Мақсаты:*

- Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру

- Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

- Заң алдындағы жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру.

Жиналысқа аудандық полиция инспекторы Н. Рахметова қатысып, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлері туралы, олар үшін қарастырылған заңдық жауапкершілік жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, оқушыларға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруі, қоғамдық тәртіпті бұзу, мектеп ережелерін сақтамау секілді мәселелерге байланысты нақты мысалдар келтірілді. Сұрақ-жауап жүргізіліп, оқушылар белсенділік танытты.

12 қыркүйек күні отбасы күніне орай 1"а" сынып оқушыларымен және ата - аналарымен "Мен және менің отбасым" атты психологиялық тренинг өтті.

Мақсаты: Отбасылық құндылықтарды тусіндіре білуге, бала мен ана қарым - қатынасын нығайтуға, мектеп өміріне атсалысып, тәрбие отбасынан басталатынын насихаттау.

12 қыркүйекте Қорғалжын ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері "Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы ЖОББМ" КММ-нің  оқушылар  мен оқытушылар құрамын эвакуациялау объектісінің әкімшілігі мен техникалық персоналының іс-қимылдарын пысықтау бойынша «Өрт» сигналы шартты түрде пайда болған жағдайда объектілік жаттығу өткізілді.  Жаттығу өткізу барысында оқушылар мен оқытушылар құрамын эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Барлығы 215 адам эвакуацияланды,  оның ішінде 180 оқушы, 35 оқытушы және техникалық персонал. Жалпы мектеп әкімшілігі мен ұжымын және оқушыларды мектеп ғимаратынан эвакуациялау кезінде үйлесімді іс-қимылдар көрсетті. Жаттығу қорытындысы бойынша  Қорғалжын  ауданы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мектеп оқушыларын эвакуациялау бойынша қосымша нұсқаулықтар мен сабақтар өткізіп,  жадынамалар таратылды. Сондай-ақ білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         16 қыркүйек күні  1-11 сынып оқушыларымен "Досболайық" бағдарламасы аясында “Біз - мейірімді сыныппыз!” Тақырыбында онкүндік аясында оқушыларға  түсіндірме жұмыстыры жүргізілді.

*Мақсаты:*

- Оқушыларға буллинг және кибербуллинг туралы түсінік беру

- Әркімнің жеке құқығын құрметтеуді қалыптастыру

- Достық қарым-қатынасты нығайтып, психологиялық қауіпсіз орта құру.

2025 жылдың 18 қыркүйек күні “Мектеп пен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті – оқушының табысты дамуының кепілі” тақырыбында жалпы мектепішілік ата аналар жиналысы өтті.

Мақсаты:

Ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруда бірлескен әрекеттің маңызын түсіндіру.

Жиналыс барысында

1. Мектеп директоры: Алимбеков Даулет Дауитбекұлы, оқу жылының негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырып, оқушылардың сапалы білім алуы жолында ата-анамен тығыз байланыс қажеттігін атап өтті.

2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А. Уралбекова және сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі: Е. Ермұратқызы, тәрбие бағытындағы жұмыстар, ішкі тәртіп ережелері мен оқушылар қауіпсіздігі жайлы баяндама оқып, бейнероликтер ұсынды.

3. Мектеп психологы: И. Акшалова, ата-аналармен ашық пікір алмасу ұйымдастырып, сергіту тренингін ұйымдастырды

4. Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің подполковнигі: О Даулетов ата-аналарды бала тәрбиесінде қадағалауды күшейтуге, бала тәрбиесіне белсенді араласуға, мектеппен тығыз байланыста болуға шақырды. Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

       2025 жылдың 19 қыркүйек күні “Буллингке жол жоқ” тақырыбында флешмоб 7-8 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.

Мақсаты:* Мектеп оқушылары арасында буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынас орнату және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру.

Іс-шара барысы:

Республикалық флешмоб аясында: мектеп психологы: И. Акшалова, оқушыларға буллингтің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

                23 қыркүйек күні “Игілік” және “Қызыл ай” қоғамдық медициналық қорының мамандары келіп 9–11 сынып оқушыларына алғашқы көмек туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты:

Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әрекеттердің (темекі, вейп, нашақорлық, ерте жүктілік, инфекциялық аурулар) алдын алу, жеке гигиена, туберкулездің алдын алу мен  репродуктивті денсаулық туралы білім беру.

Дәріс барысында қамтылған тақырыптар:

- Салауатты өмір салтының негіздері 

- Жасөспірімдер арасында кең таралған зиянды әдеттердің алдын алу (алкоголь, темекі, вейп, т.б.) 

- Жыныстық жолмен берілетін аурулар және олардың салдары 

- Ерте жүктіліктің қаупі мен жауапкершілігі 

- Эмоционалды тұрақтылық пен психологиялық қолдау 

- Гигиена мен жеке күтім мәдениеті

- ⁠Туберкулездің алдын алу

- ⁠Алғашқы медициналық көмек көрсету

Оқушылар дәріс барысында белсенділік танытып, мамандарға сұрақтар қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

                  24 қыркүйек күні “Адалдық дүкені” жобасы аясында мектептің аға тәлімгері: И. Акшалова және мектеп парламентінің ұйымдастыруымен тәттілер жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Адалдық дүкені – оқушылар арасында адалдық, жауапкершілік және сенімділік құндылықтарын қалыптастыруға бағыт беру.

2025 жылдың 24 қыркүйек күні “Жастар” спартакиадасы аясында аудандық футбол жарысына мектебіміздің командасы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жетекшісі: Қылышбаев Ерлан Ерболұлы

25 қыркүйек күні 1-4 сынып оқушылары арасында «Алтын күз» эстафеталық сайысы өтті.

Мақсаты: Оқушыларды күз мезгілімен таныстыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдыққа, ептілікке баулу.

Қазан

2025 жылдың 1 қазан күні “Қарттар күні” мерекесінде “Атаның батасы – ұрпаққа жол” тақырыбында 3 “Ә” сынып жетекшісі Жұмбаева Зауре Армияқызының ұйымдастыруымен мерекелік іс- шара өтті.

Мақсаты:

Оқушыларға ата-бабалардан келе жатқан бата беру дәстүрінің маңызын ұғындыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Қазақы тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеу.

Іс- шара барысында алдымен оқушыларға бата деген не,  оның түрлері туралы мағлұмат берілді.  Қонақ ретінде Әрмия ата шақырылып, оқушыларға бата берудің мәні мен тәрбиелік жағын түсіндіріп, “Абай қара сөздері” кітаптарын сыйға тартты. Іс- шара соңында ата оқушыларға ақ батасын берді.

- Оқушылар бата берудің рухани мәнін түсінді 

- Қазақы салт-дәстүрге деген қызығушылық артты 

- Ұрпақ пен ата арасындағы байланыс нығая түсті

 

 

2025 жылдың 3 қазан күні “Ұстаздар күні” мерекесіне орай “Дублер күні” мектептің өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өтті.

Мақсаты:

– Оқушылардың басқарушылық қабілеттерін дамыту 

– Мектептегі түрлі мамандық иелері жұмысының маңызын түсіндіру 

– Мұғалім еңбегіне құрмет қалыптастыру, шығармашылықты арттыру

«Дублёр күні» аясында 9–11 сынып оқушылары мектептің түрлі қызметкерлері мен мұғалімдерінің бір күндік орнын алмастырып, олардың жұмысын атқарды.

- Оқушылар сабақ беріп, күн тәртібін бақылап, мектеп өміріне белсенді араласты. 

- Сабақ соңында дублёрлер өз әсерлерімен бөлісіп, бұл жұмыстың жауапкершілігін сезінгенін айтты.

Нәтижесінде,

– Оқушылар өздерін көшбасшы, ұстаз, ұйымдастырушы ретінде сынап көрді 

– Мұғалім еңбегін бағалау мен түсіну қалыптасты 

2025 жылдың 07 қазан күні аудандық “Жастар” спартакиадасы аясында тоғызқұмалақ жарысынан мектебіміздің командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

2025 жылдың 09 қазан күні

Мектепішілік “Қамқоршылық кеңес” мүшелері және мектеп әкімшілігінің отырысы өтті.

Мақсаты:

Мектептің әлеуметтік-тәрбие, қауіпсіздік, материалдық-техникалық базасын жақсартуға байланысты ұсыныстарды қарау, аз қамтылған оқушыларға көмек көрсету және өзара бірлескен жұмыстарды жоспарлау.

Күн тәртібі бойынша қаралған мәселелер:

1. 2025–2026 оқу жылына арналған қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары талқыланды; 

2. Әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың тізімі қаралып, көмек көрсету жолдары ұсынылды; 

3. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесі көтерілді.

Қорытынды:

Отырыста қабылданған шешімдер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Қамқоршылық кеңес мүшелері мектепке көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, жоспарланған шараларды бірлесе атқаруға дайын екендерін айтты.

      2025 жылдың аптаның әр  жұма күні Ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Жұма күні оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп мектепке келіп, ұлттық ойындар ойнайды.

Мақсаты:

– Ұлттық ойындар арқылы оқушылардың рухани-мәдени құндылықтарын дамыту 

– Дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру 

– Оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу

Өткізілген ойын түрлері:

- Асық ату 

- Арқан тарту 

- Теңге алу 

Қорытынды:

Ұлттық ойындар арқылы оқушылар халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне бір қадам жақындады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Қорғалжын ауылында көпфункционалды ойын алаңының ашылу салтанатында мектебіміздің футбол командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Жетекшісі: Қылышбаев Ерлан Ерболұлы

Терроризм мен экстремизмнің алдын алу субъектілері ҰҚК жергілікті департаменттерінің үйлестіруімен қарсы насихаттық бейнероликтер мектеп оқушыларына көрсетілді.

(«Экстремизм», «Ложный профиль», «Лжетерроризм», «Күмәнді қайырымдылық қорлар»).

Бейнематериалдардың мақсаты - терроризм актісінің қауіпі туындаған жағдайда әрекет ету ережелерін көрсету, радикалды идеологияның зардабын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті жеткізу.

2025 жылдың 22 қазан күні Республика күніне орай Республикалық  “Жас Қыран”  ұйымы қатарына мектебіміздің 3 "А” және 3 “Ә” сынып оқушылары салтанатты түрде қабылданды.

Мақсаты: оқушыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру; 

– «Жас Қыран» ұйымының құндылықтары негізінде тәртіпті, белсенді, білімқұмар, тәрбиелі тұлға қалыптастыру.

Ұйымдастырған: аға тәлімгер Акшалова Индира Рамазанқызы

Қазақстан Республикасының Республика күніне орай өткен іс-шаралар.

2025 жылдың 29 қазан күні “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында күзгі каникулда балалар кітап оқыды.

Мектеп кітапханашылары: Попосемова Светлана Викоровна, Айтолқын Бақытбекқызы

Қараша

2025 жылдың 3 қарашасында 11  «А» сыныбында «Заң және менің құқығым» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып жетекшісі:

Ахметжанова Үміт Байзулловна

2025 жылдың 04 қараша күні

“Құқықбұзушылықтың алдын алу”, “Зорлық- зомбылықтың алдын алу”, “Түнгі уақытта жүру”, “Кибербуллинг”, “Интернет алаяқтықтың алдын алу” және Буллингтің  салдарын түсіндіру мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен Қорғалжын аудандық ІІПБ ювеналды полиция мамандарымен және жасөспірімдер жөніндегі инспектор, Н. Рахметовамен кездесу өтті.

Мақсаты:

– Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу; 

– Буллинг пен кибербуллингтің зияны мен салдары туралы түсінік беру; 

– Заң алдында жауапкершілік жайында ақпараттандыру.

2025 жылдың 07 күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында Оқуға құштар мектеп жобасы аясында

“Жас оқырмандар”  байқауы өтті.

Мақсаты:

- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, 

- Көркем шығармалар арқылы оқушының тіл байлығын дамыту, 

- Сауатты сөйлеуге, ой түйіндеуге баулу.

2025 жылдың 12 қараша  күні

5–11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және  Қорғалжын ауданы пракуратурасының прокуроры Е.Б Отанмұратовтың қатысуымен 5-11 сынып оқушылары арасында Адал азамат «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша» Заң және тәртіп құндылығын жүзеге асыру максатында « Әділ заң-аспан тірегі» тақырыбында кездесу өткізілді. Күн тәртібіндегі барлық  сұрақтар бойынша баяндамалар оқылды:

Қорғалжын ауданы прокуратурасының прокуроры Отанмуратов Еламан Болатұлы оқушылармен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық үшін Заң жүзінде берілетін қылмыстық және әкімшілік жаза, құқықбұзушылықтар туралы жауапкершілік туралы, денсаулыққа тигізетін зиянды заттар: насыбай, темекі және ішімдік, лудомания туралы  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. "Педагог мәртебесі" Заңындағы өзгерістермен таныстырды. Қорғалжын аудан прокуратурасының прокуроры: Еламан Болатұлы “Қауіпсіздік сабақтары” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: Оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Қорытынды:

Іс-шара оқушылар үшін тәрбиелік әрі ақпараттық маңызы бар кездесу болды. Қауіпсіздік мәдениеті мен заңды білуге деген қызығушылық артты. Оқушылар құқықтық жауапкершіліктің маңызын ұғынды.

Қорытынды: 

Қыркүйек айында жоспарланған барлық тәрбие шаралары толықтай өткізілді. Оқушылар белсенділік танытты. Әр іс-шара оқушылардың тәрбиесіне, танымына оң ықпал етті.

Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні атап өтіледі, осыған байланысты ағымдағы жылдың 12 қараша күні «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы аясында 3 “А” сынып жетекшісі Омарова Орынтай Тұрарқызы тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: жолдарда алған өлім-жітім мен жарақаттардың ауқымына назар аудару, апаттардың алдын алу және жолдағы құқық бұзушылықтарға неғұрлым елеулі қарсы тұрудың маңыздылығы, жол қозғалысына қатысушылардың санасын өзара құрметтеу, Жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, жүргізуші мәдениетін арттыру тұрғысынан өзгерту идеяларына қуатты қоғамдық қолдау жасау.

12 қараша күні

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық

мерейтойына арналған

"Абай дана-Абай дара қазақта ." тақырыбында 3 “Ә” сынып жетекшісі Жұмбаева Зауре Армияқызы тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты:

Оқушыларға ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, ақын шығармалары арқылы адамгершілікке, еңбекке, білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыр

2025 жылдың 19 қараша күні аудандық “Әкем, анам және мен”  тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өтті.

Мақсаты:Отбасы құндылықтарын нығайту, ата-ана мен баланың бірлескен іс-әрекетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

«Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайысқа әр мектептің 4 сынып оқушылары мен олардың ата-аналары белсенді қатысып, жеңімпаздар мадақтамамен және кубокпен марапатталды.

2025 жылдың 21 қараша күні "Заң және Тәртіп" идеологеманы ілгерілету шеңберінде " Полиция және балалар - бірге қауіпсіздік үшін " акциясы бойынша 7-8  сынып оқушылары балалардың қауіпсіздігі мақсатында мазмұндама жазды.

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жолда, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру, балалар мен полиция арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру.

Ұйымдастырған: мектеп психологы: Акшалова Индира Рамазанқызы

2025 жылдың 26 қараша күні 1-4 сыныптар арасында мектептің аға тәлімгері: Акшалова Индира Рамазановнаның ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сурет салу көрмесі өтті.

Мақсаты:

Оқушылардың зорлық-зомбылыққа деген теріс көзқарасын қалыптастыру, бейбіт өмір, сыйластық, отбасындағы және мектептегі татулық туралы ойларын бейнелеу өнері арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.

2025 жылдың 26 қараша күні "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" акциясы аясында

Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері және жасөспірімдер инспекторы: Н. Рахметова профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара мақсаты:

Оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдары, құқықтық жауапкершілік, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру.

Іс- шара барысында Аудандық ІІБ инспекторы: Н. Рахметова оқушылармен ашық әңгіме жүргізді. 

- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілері туралы айтылды. 

- Құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар беру жолдары түсіндірілді. 

- Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. 

- ⁠Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: А. Уралбекова оқушыларға тәртіпті сақтамау фактілері бойынша оқушыларға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді: мектеп ережелері мен оқушының құқықтары мен міндеттері еске салынды;

- Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетілді.

Қорыта келе оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруда, өздерін қауіпсіз ортада сезінуіне бағытталған маңызды кездесу болды.

2025 жылдың 28 қараша күні 7 “Ә” сынып оқушылары "Бақытты отбасым" атты өздері салған плакатты ұсынды.

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу. 

Сынып жетекшісі: Уткельбаева Алмагүл Мақажанқызы

 

Желтоқсан

2025 жылдың 1 желтоқсан күні «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»  тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасынла флешмоб ұйымдастырылды.

Өткізген: аға тәлімгер: Акшалова Индира Рамазановна 

Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және достық, сыйластық құндылықтарын насихаттау.

«Ақтан Төлеубаев атындағы» жалпы орта білім беретін мектебінде  2025 жылдың 8 желтоқсан күні

“Қауіпсіздік – басты назарда!”тақырыбында 

жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында: 

▪ Оқушылардың қауіпсіздігі 

▪ Киберқауіпсіздік 

▪ Жолда жүру ережелері 

▪ Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. 

Жиналысқа полиция қызметкері мен мектеп әкімшілігі қатысты.

2025 жылдың  желтоқсан айы бойы  «Бұрымды қыз» шаш өру айлығы аясында қыздарымыздың шаштарын жинақы өріп, әсемдікке шақырдық.

Мақсаты: Қазақ қыздарының ұлттық болмысын дәріптеу, қыз баланың әсемділігі мен сымбатын сақтап, тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырған:  1-10 сынып жетекшілері

 

«Балалардың қауіпсіздігі»  тақырыбында жалпы мектепішілік  ата-аналар комететтерінің жиналысы өтті.

2025 жылғы 10 желтоқсан күні мектебімізге Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ҚР ІІМ. Б. Бейсенов атындағы Қарағанды  академиясының қызметкерлері кәсіби бағдар беру мақсатында келді. Іс-шараға 9–11 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Бұл кездесу оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, құқық қорғау саласына деген қызығушылықтарын арттырды.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері құқық қорғау саласындағы мамандықтар, полиция қызметкерінің міндеттері, оқу орындарына түсу жолдары және талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға ішкі істер органдарында қызмет етудің маңызы мен жауапкершілігі туралы түсіндіріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

2025 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің 8”А” және 10”А” сынып оқушыларына “АЛЖИР” мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның мақсаты – оқушыларға тарихымыздың ауыр да тағылымды кезеңдерін таныту, тәуелсіздік пен азаттықтың қадірін ұғындыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

"АДАЛ АЗАМАТ"  БАҒДАРЛАМАСЫ аясында

2025 жылдың 11 желтоқсан күні мектебімізге оқушылар арасында діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардан сақтану және ұлттық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен ұстазды құрметтеу тақырыбында Астана қаласындағы  Ырыскелді мешітінің бас имамы, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен кездесу өтті.

2025 жылдың 12 желтоқсан күні Арықты ауылында өткен аудандық "Әкелер форумы" аясында ұйымдастырылған сайыстарға «Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» атынан мектеп атынан Бесжан Ерден және Искаков Жұлдызхан қатысып, өз белсенділігі мен үздік өнерін көрсетіп, жүлделі ІІ орынмен, алғыс хат иеленді.

Бұл жетістік – мектеп пен ата-аналар арасындағы бірлескен жұмыстың жемісі. Осындай шаралар арқылы әке рөлінің маңыздылығы артып, отбасылық тәрбиеге деген қоғамның көзқарасы нығая түседі.

2025 жылдың 19 желтоқсан күні Қорғалжын ауданның Ақтан Төлеубаев атындағы мектептің негізінде «Заң мен тәртіп» жобасы бойынша облыстық слет өтті. Слетке ауданымыздан 5 команда қатысты. Олар: Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы, Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Сабынды ауылының Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Қараегін ауылының Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебі қатысты.

Слеттің негігі мақсаты: құқықтық сауаттылықты дамыту, белсенді жастарды қолдау, үздік тәжірибелермен алмасу және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын күнделікті өмірде насихаттайтын бастамаларды біріктіру.

«Әнді сүйсең, менше сүй» сынып сағаттарында 10 минут ән айту.

2025 жылдың 25 желтоқсан күні  «Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде» 0–4 сынып оқушыларына арналған “Жаңа жылдық ертеңгілік” өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау, балалардың өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беру, шығармашылықтарын дамыту.

Ертеңгілікке оқушылар түрлі ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп, тақпақ айтып, ән салып, би билеп белсенділік танытты. Аяз ата мен Ақшақарды қуана қарсы алып, арнайы ұйымдастырылған ойындарға қатысып, мерекелік сыйлықтар алды. Мектептің түлектері тарапынан балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.

Қаңтар

           2026 жылдың 6 қаңтар күні мектебімізде ата-аналарға арналған “Ашық есік күні” өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарды мектеп өмірімен таныстыру, мұғалімдермен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс орнату, оқушының оқу үлгерімі мен тәртібі жайлы ақпарат беру.

  Ата-аналар тарапынан жылы лебіздер мен оң пікірлер айтылып, мектеппен бірлесе жұмыс істеуге ниеттері білдірілді.

Қорыта келгенде Ашық есік күні ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушының дамуына ортақ жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді.

2026 жылдың 8 қаңтар күні  оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында Қорғалжын  ауданы прокуратурасының  прокуроры Отанмұратов Еламан Болатұлымен 5–11 сынып оқушыларына кездесу ұйымдастырылды.

- Құқық бұзушылық түрлері;

- Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу;

- Қоғамдық тәртіпті сақтау;

- Жауапкершілік және заң алдындағы міндеттер туралы кеңінен ақпарат берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Кездесу танымды, тәрбиелік мәні зор деңгейде өтті.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға деген құрметін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу.

Қорытынды: Кездесу оқушылардың құқықтық сауатын артты…

 

12 қаңтар күні Біртұтас тәрбие Адал азамат бағдарламасының Заң мен тәртіп айлығы аясында “Құқықтың мәдениет және оның маңызы” тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.

2026 жылдың 20 қаңтар күні  аудандық  “Заң мен тәртіп - ортақ жауапкершілік” тақырыбында ата- аналар мен мектеп Президенттерінің арасында квест сұрақ- жауап сайысына мектебіміздің атынан ата- аналарымыз Ташенова Кенжегуль Айкишовна және Бесжан Назгуль Қалижанқызы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Мектептің абыройын асқақтатып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз!

2026 жылдың 29 қаңтар күні Республикалық  “Жас ұрпақ”  ұйымына мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларын салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында ұйым қатарына қабылданған оқушыларға арнайы шарфтар табысталып, ұйымның мақсат-міндеттері таныстырылды.

Салтанатты шараға Қорғалжын ауданы прокуроры: Кемелбеков Жасұлан Бурханбайұлы, Қорғалжын ауданы ІІПБ басшысы: Қуанышев Дархан Ермекұлы мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысып, жас мүшелерге ізгі тілектерін білдірді. Бұл қабылдау оқушылардың патриоттық рухын нығайтуға бағытталды.

          

Ақпан

20026 жылдың әрдүйсенбі  күні мектепте  1-11 сынып оқушыларына тақырыпты  сынып сағаттары ұйымдастырылады және «Әнді сүйсен, менше сүй» сынып сағаттарында 10 минут ән айту ұйымдастырылады.

Аптаның әр сейсенбі күндері 1-11 сынып оқушыларына «Таңғы жаттығу» ұйымдастырылады.

 Ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұлттық ойындар әр жұма күндері  ұйымдастырылады. Іс-шара барысында ұлттық ойын түрлері ойнатылып, оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен өтеді.

Ұлттық ойындар оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

         2026 жылдың 04 ақпан күні “Әсемдік” қыздар клубының кезекті отырысы 8-11 сынып қыздарына өткізілді. Отырысқа мектеп медбикесі Қылышбаева Бибінұр Сағымбекқызы мен психологАкшалова Индира Рамазановна  бірлесе қатысып, қыз балалардың денсаулығы мен психологиялық әл-ауқатына байланысты өзекті мәселелер қарастырылды.

Іс-шара барысында медбике қыз балаларға жеке гигиена, репродуктивті денсаулық, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттердің алдын алу туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Психолог қыздармен ашық әңгіме жүргізіп, жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық ерекшеліктер, өзін-өзі бағалау, эмоцияны басқару және қарым-қатынас мәдениеті тақырыптарын қозғады. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын…

Балаларға ұялы телефонды дұрыс, пайдалану туралы түсіндіру жұмысы өткізілді.Түсіндіру барысында балаларға ұялы телефонды ұзақ уақыт қолданудың денсаулыққа зияны, көздің шаршауы, ұйқының бұзылуы және дене қалпының бұзылысы туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, телефонды тек қажетті жағдайда қолдану, уақытты тиімді жоспарлау және бос уақытты пайдалы істермен өткізу жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

        17 ақпан күні “Нашақорлық пен есірткі алдын алу” тақырыбы  бойынша 6-11 сынып оқушыларына Қорғалжын аудандық ІІПБ жасөспірімдер инспекторы: Н. Рахметова түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тақырыпты деректі фильм көрсетті.

 Мақсаты: Оқушылар арасында нашақорлық пен есірткі қолданудың зиянын кеңінен түсіндіру, алдын алу шараларын насихаттау және жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау.

Мектепте оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын АӘД пәнінің мұғалімі: Рахмангулов Сарсенбай Смағұлұлы  жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға жалпы қауіпсіздік талаптары кеңінен түсіндірілді.

Атап айтқанда:

 • мектеп ішіндегі тәртіп және қауіпсіздік ережелері;

 • жолда жүру қауіпсіздігі;

 • өрт қауіпсіздігі талаптары;

 • төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәртібі;

* су тасқыны

 • интернеттегі қауіпсіздік ережелері.

Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға нақты мысалдар келтіріліп, қауіптің алдын алу жолдары айтылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтау әрбір оқушының жеке жауапкершілігі екені ескертілді.

Іс-шара соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, олардың…

16 ақпан күні “Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік.

Экстремалды әуестер: қауіпті жағдайдардан қалай аулақ болу керек” және “Әнді сүйсең, менше сүй” тақырыптарында сынып сағаттары өтті.

Ауған соғысы – тарихтағы ерлік пен тағзым

1979–1989 жылдары болған Ауған соғысы – тарих бетінде өшпес із қалдырған ауыр кезең. Бұл соғысқа қатысқан жауынгерлер ерлік пен төзімділіктің нағыз үлгісін көрсетті.

Ауған соғысының ардагері, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Рахмангулов Сарсенбай Смагулович оқушылармен кездесу өткізіп, соғыс жылдарындағы бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Кездесу барысында ерлік, отансүйгіштік, бейбіт өмірдің қадірі жайлы тағылымды ойлар айтылды.

Іс-шараны ұйымдастырып, өткізген кітапхана меңгерушілері:

Бахытбек Айтолқын,

С.В. Попосёмова.

Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастырады.

Ерлік — елге мұра, ұрпаққа үлгі.

 Батырлар рухына тағзым!

 

 

 

Наурыз

2026 жылдың 4 наурыз  күні "Ана –отбасының жүрегі, қоғамның тірегі"  атты аудандық аналар форумына мектебіміздің атынан Мұсай Жауһар анасы Абдрахманова Қарлығашпен қатысып, өз белсенділігі мен үздік өнерін көрсетіп, жүлделі І орынмен, алғыс хат иеленді.

2026 жылдың 05 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен ерекше мерекелік концерт өтті.

Кеш барысында шәкірттеріміз ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, аяулы аналарымызға, ардақты ұстаздарымызға және барлық нәзік жандыларға шынайы құрмет пен алғыстарын білдірді. Бұл концерт – балалардың жүрек жылуы мен ризашылығының көрінісі болды. Осындай ізгі шаралар өскелең ұрпақтың үлкенге құрмет, анаға тағзым, ұстазға ізет секілді асыл құндылықтарды бойына сіңіруіне үлкен әсер етеді.

 

8 наурыз Халықаралық аналар күніне арналған  сынып сағаттары.

           2026 жылдың 18 наурыз күні, Наурыз мерекесіне орай мектебімізде «Ең әдемі киім» атты байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ұлттық киімге деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу және эстетикалық талғамын дамыту.

Іс-шара барысында оқушылар бір-бірінен асып түсетін әсем ұлттық киімдерін киіп, өз өнерлерін көрсетті.

 20 наурыз күні аудандық «Жастар» спартакиадасы бағдарламасы

аясында 7-8 сынып оқушылары арасында өткен ұлттық

ойын - тоғызқұмалақтан мектебіміздің командасы жүлделі І

орынды иеленді!

Бұл  - оқушыларымыздың зеректігі мен табандылығының, ұлттық  ойынға деген қызығушылығының айқын көрінісі.

Жеңіске  жетелеген жетекшісі Мусин Аманкелді

Нұрғалиұлына және дарынды оқушыларымызға

алғысымызды білдіреміз!

Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.

Сәуір

14 сәуір күні 1-9  сыныптардың ата- аналары арасында “Ұлттық ойындар” ұйымдастырылды.

       22 сәуір күні  Қорғалжын аудандық ІІП бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі О.М. Даулетов мектебіміздің 2-9 сынып оқушыларына  “Әкімшілік құқықбұзушылық”,  “Буллингтің алдын алу”, “Мопед және мотоциклмен жүрмеу”, “Түнгі уақытта жүру” тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әр азамат заң талаптарын сақтауы тиіс екендіктерін жеткізді.

           23 сәуір күні «Таза Қазақстан”экологиялық акциясы аясында мектебімізде игі іс-шара ұйымдастырылды. Мектеп ата-аналары бірлесіп, сенбілік өткізіп, білім ордасының ауласын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар ағаштарды әктеп, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және өскелең ұрпаққа үлгі болу.

Іс-шара соңында демеушілердің қолдауымен қатысушыларға арнап дастархан жайылды. Атап айтқанда, “Қорғалжын” дүкені мен “Үш ағайын” дүкені демеушілік көрсетіп, шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Осындай бірлік пен ынтымақтың арқасында сенбілік жоғары көңіл-күймен аяқталды.

         

Мамыр

         1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 1–11 сыныптар арасында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты – оқушыларды татулыққа, достыққа, ұлттар арасындағы бірлік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу болды. Әр сыныпта елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, дәстүрі мен бірлігі туралы кеңінен айтылып, қызықты мәліметтер ұсынылды.

Сонымен қатар, мерекеге орай «Әнді сүйсең, менше сүй» атты ән айту шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп әндерді орындады. Әсем әндер арқылы олар Отанға деген сүйіспеншіліктерін, бейбіт өмірге деген ризашылықтарын білдірді.

   2026 жылдың 5 мамыр күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай оқушыларға  тәрбие сағаттары өткізілді. Шара барысында оқушыларға мерекенің маңызы түсіндіріліп, ел қорғаған батырлардың ерлігі туралы айтылды.

 Тақырыпты патриоттық әндер шеруі ұйымдастырылды.

Оқушылар патриоттық тақырыпта өлең оқып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, әскери қызметтің маңыздылығы, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік туралы пікірталас ұйымдастырылды.

Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақты елін сүюге, қорғауға дайын болуға және патриоттық рухта тәрбиелеу болды.


Текст