Текст
Ақтан Төлеубаев атындағы ЖОББ мектебінің жанындағы " Қарлығаш" шағын орталығында аудандық семинар өтті.
Тақырыбы: " Ұлттық құндылық - ұлт қазынасы"
Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балаларды- рухани адамгершілік қасиеттерге, ұлттық құндылықтарға баулу арқылы бойына сіңірген еңбекқор,адал, саналы ұрпақты тәрбиелеу. Қорғалжын ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымының әдіскері Абзелов Қанат Қайырұлы және жан жақтан келген мектепке дейінгі ұйымдардан тәрбиешілер қатысты.