03.04.2025
ЕЛІМІЗ БОЙЫНША 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Биыл 1-сәуірден бастап еліміздің барлық мектептерінде 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау жұмыстары басталып кетті. Қорғалжын аудандық білім бөлімінің соңғы мәліметіне сай ауданымызда 14 мектеп бар. Олардың 9 - орта, 3 - негізгі және 2 бастауыш мектеп. Осылардың қатарында даңқты жерлесіміз, кезіндегі КСРО-ға танымал майдангер Ақтан Төлеубаевтың есімімен аталатын өнегелі мектеп те бар. Ол осымен 53 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Мектеп ұжымының аудандық білім беру ісіне қосқан үлесі — сансыз. Қазыналы білім ошағына қабылданған әрбір балапандардың лайықты білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Бастауыш сыныптар заманауи инвентарлармен жабдықталған.