«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы жария есепті өткізу туралы қорытынды
2025 жылдың 17 наурызында «Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер Instagram әлеуметтік желісінде 2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау өткізді.
Сөз сөйлеушілер келесі түсініктемелер берілді:
мекемеде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны;
мемлекеттік қызметтердің көрсетілетін нысаны (электрондық, қағаз түрінде);
мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар пакеті;
мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері;
мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы жіберген қателер.
Көпшілік талқылау барысында тыңдаушыларда сұрақтар туындаған жоқ.