"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Актана Толеубаева села Коргалжын отдела образования по Коргалжынскому району управления Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде бармыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту

Тақырыбы: «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту.»

Мақсаты: 
 Қауіптен бас тартқан жағдайдағы әлеуметтік дағдыларды дамыту;
 Бақылау және өзін өзі қадағалау сәттеріндеі дағдыларды дамыту;
 Қарым қатынастың вербальды және басқа құралдарды дамыту;
 Әлеуметті ықтимал қауіпті жағдайларды айыры білу қабілеттерін қалыптастыру; 
 Әлеуметтік қауіп жағдайларындағы іс әрекет амалдары туралы көріністерді дамыту;
 Мұндай бірнеше көріністі талдайық: 
 Нұсқау:
 қатысушылар жұпқа бөлінеді де, бірінші қатысушы екіншісіне 
 төмендегідей жағдайлармен өтініш жасағанда,екінші қатысушы ренішті, сенімді, сыпайы түрде бас тартуды,рөлдермен алмасады,соңында талдайды: - Қане, әзірше ересектер жоқ кезде мына велосипедпен дүкенге дейін барып  келейік. 
 - Маған добынды сыйлашы, саған жаңа доп сатып алып береміз деді ғой. 
 - Саған компьютерлік ойындарды үш күннен соң әкеліп берсем бола ма? 
 - Фотосуреттеріңді көруге бере тұршы? 
 Талдау: Сыпайы бас тарту қиынға соқтыма, басқаша түрлері қалай әсер етті?
 Өтінішпен сұраған уақытта сізде қандай сезімдер пайда болды?
 Өтінішінізді орындаудан бас тартқан кезде қандай сезімде болдың?
 Бас тартқан уақытта біреудің сезіміне нұқсан келтіріп, көңілін қалдырамыз-ау  деген ой болды ма? 
 Кеңестер: 
 Көшеде бөтен біреу машинамен қыдырып келейік десе немесе тәтті кәмпит,ойыншық, т.б. ұсыныстар айтса, бұл өте қауіпті. Мұндай жағдайжа сыпайы болудың қажеті жоқ. Бөтен адамның қасынан ығысып кетіп қалуға тырыс, айналандағыларды көмекке шақыр немесе сені қорғай алатын, танитын адамға  қарай жүгір. 
 - Қандай жағдайда «қауіпті» деп айтуға болады?
 - Үйде және далада қандай қауіпті жағдайлар кездесуі мүмкін? 

Оқушыларға осындай кеңестер берілді. Талқыға салынып, өз ойларын айтты.

 

Жаңартылған күні: 12.03.2024 18:19
Құрылған күні: 12.03.2024 18:19

Текст