2024 жылдың қаңтар айының 18 күні ,,Арықты ауылының ЖОББМ,, КММ аясында 2-4 сынып оқушыларына арналған XVII республикалық ,,Бастау,, математикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту. Мектебімізден 2-4 сыныптардан 3 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша , жеке сынақ бойынша 4,,А,, сынып оқушысы- Ишанбек Асфендияр I орынға иеленді. Жетекшісі: Айтмагамбетова Г.М .
3 ,,А сынып оқушысы- Зекенова Альдина жүлделі III орынға ие болды. Жетекшісі: Байтуганова М. М.
2,,А,, сынып оқушысы Ғалымжан Исатай сертификатпен марапатталды. Жетекшісі: Омарова О.Т.