Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2025 - 2026 оқу жылының жылдық бойынша педагог-психолог жұмысының талдау есебі
Психологиялық қызметтің мақсаты:
Орта білім беруді ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал туғызу, білім беру процесіне оқушыларға психологиялық қолдау көрсету және оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
1) оқушылардың тұлғалық және интеллектуалды дамуына, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға көмектесу;
2) оқушылардың жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамда олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
3) оқушылармен психологиялық диагностика жұмыстарын жүргізу және шығармашылық әлеуетін дамыту;
Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы ЖОББ мектебі бойынша ПМПК тізімінде тұрған оқушылар саны: 18 Әр оқу жылында мектебіміздің психологиялық қызмет жұмысының жоспарлары құрылып, мектеп директорымен бекітіледі: Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды: Оқу жылының басынан 0 - 11 сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайы анықталды. Ата-аналармен түсіндірмелі жұмыстар жүргізіліп келісім шартқа қол қойылды. «Мектепке бейімделу» – психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни: Мектепке оқуға бару бала өміріңде көп өзгерістер әкеледі. Баланы мектеп өміріне енгізу, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру. Бейімделуге ең көп уақыт: екі тоқсан беріледі. Әдетте оларға бір тоқсан да жетеді, бір жарым ай.
Мақсаты:1 - сынып оқушыларының мектепте оқуға дайындығын және ұсақ қол моторикасының қалыптасқанын«Керн-Йарасек» әдістемесі арқылы анықтау. Өткізілген уақыты:13.09.2025ж.–1«а»сынып. 1 «А» -16 оқушы қатысты. Сауалнама қорытындысының талдауы
|
сынып |
Жоғары «1-6»балл |
Орта «7-9»балл |
Төмен «10-15» балл |
|
1 «а» класс |
10 |
8 |
- |
Пайыз деңгейі шығарылып, кестеге жазылды:
|
сынып |
Жоғары «1-6»балл |
Орта «7-9»балл |
Төмен «10-15» балл |
|
1 «а» класс |
55% |
45% |
- |
Бірінші сыныпқа қабылданған балалардың таным процестері зерттелді. Нәтижесінде оқушылардың мектепке дайындық деңгейлері анықталып, танымдық қасиеттерінің қалыпты дамығандығы анықталды.
«Суретте не жетіспейді?» атты суреттік тест анықтамасы Нұсқау:бұл әдістемеде оқушыға бірнеше суреттердің жиынтығы ұсынылады.Әр сурет бейнесінде бір маңызды бөлшек жетіспейді.Оқушы осы жетіспеген бөлшекті тез арада анықтап суретті аяқтап салуы керек. Мақсаты: баланың түр-түс арқылы көңіл-күйін және қабылдау деңгейін анықтау. Өткізілген күні: 20.09.2025 жыл 1-сынып
|
сынып |
Жоғары «1-6»балл |
% |
Орта «7-9»балл |
% |
Төмен «10-15» балл |
% |
|
1 «а» класс |
10 |
55% |
7 |
38% |
1 |
7% |
«Қисынсыздарды тап» атты суреттік әдістемесінің анықтамасы
Мақсаты: Баланың байқағыштығын, логикалық ойлауын және өз ойын грамматикалық дұрыс құра білу іскерлігін дамыту.
Нұсқау: суретті мұқият қарап ал, қисынсыздықтарды тап.
Өткізілген күні: 26.09.2025 жыл 1-сынып
|
сынып |
Өте жақсы «9-10» балл |
% |
Жақсы «7-8»балл |
% |
Орташа «5-6»балл |
% |
Ортадан төмен «3-4» балл |
% |
Төмен «1-2»балл |
% |
|
1«а» |
8 |
45% |
8 |
45 % |
2 |
10% |
- |
- |
- |
- |
1 сынып оқушыларының арналған «Қисынсыздарды тап» атты суреттік әдістемесінің салыстырмалы диаграммасы. 4 сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу әдістемелері «Кілемшені қалай жамауға болады?» әдістемесінің анықтамасы Мақсаты: Көрнекі бейнелі ойлауды дамыту Нұсқау: «Матаның бірнеше құрақтарын кілемше суретіне көбірек сәйкес келетін бөлікті тауып, орнына орналастыр. Зерттелуші: 4 «а» сынып, барлық оқушы саны-17, қатысқаны-17.
|
сынып |
Жоғары «4»балл |
Орта «3»балл |
Төмен «1-2» балл |
|
4 «а» класс |
15 |
2 |
- |
|
% |
88% |
12% |
- |
«Кілемшені қалай жамауға болады?» атты суреттік әдістемесінің салыстырмалы диаграммасы.
«Ағаш»әдістемесі 5-11сынып оқушыларынан «Ағаш» әдістемесібойынша жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі бағалауын анықтау. Нұсқаулық: оқушыларға дайын кескін бейнесі бар парақтар ұсынылады: ағаш және ағаштың маңайындағы көптеген адамдар. (ағашқа қараңдаршы, ағаштың астында,үстінде көптеген адамдар тұр. Әрқайсысының көңіл-күйі әр түрлі, әрқайсысы ір түрлі әдіспен айналысып тұр. Қызыл түсті қарандаш алып, саған ұқсайтын сонымен бірге мектептегі сенің көңіл-күйіңе, жағдайыңа ұсайтынын белгіле. Ағашта қанша жоғары орналасқан сайын, мектепте сонша жетістікке жеткен және сәтті болуы мүмкін.) Қорытынды: 1,3,6,7сандарын таңдағандар:кедергілерді жеңуге арналған қорғанысты сипаттайды. 2,19,11,12сандарын таңдағандар: достық қарым-қатынасты сипаттайды. 4 санын таңдағандар: жағдайдың тұрақтылығы қиындықтарды жеңе алмай, табысқа жетуді талап етеді.5 санын таңдағандар: шаршау, жалпы әлсіздік, қуат қорының аз болуы. 9 санын таңдағандар: көңіл-көтеруге ұмтылыс. 13, 21 санын таңдағандар: оқшаулану, қорқыныш. 8 санын таңдағандар: оқу үрдісінен оқшауланып, өзіне күтім жасау.10, 15 санын таңдағандар: жайлы күй, қалыпты бейімделу.14 санын таңдағандар: дағдарысты күй, құз шыңырау.20 санын таңдағандар: өз-өзін жоғары бағалайтын және көшбасшылыққа ұмтылатын оқушылар жиі таңдайды. Айта кету керек, 16 санын таңдаған оқушы әр қашан өзінің 17 санындағы адамды не үшін көтеріп жүргенін түсінбейді, ол 17санындағы адам өзіне қолдау көрсетіп, жақсылық жасап жүр деп ойлайды.Осылайша, оқушылардың ұстанымы қолайлы болып саналады, дағдарыс жағдайлары анықталмады.
Ұсыныс: 1. Сынып жетекші сыныпта топты біріктіру, сондай-ақ қолайлы психологиялық ахуал тудыру мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу. 2. Мінез құлқында ауытқушылық байқалған оқушылармен әңгімелесу өткізіп, қажет жағдайда түзету тобына қосу, жауапкершілік мектеп педагог-психологы И.Акшаловаға жүктелсін. Сонымен қатар 1, 5 сынып оқушыларының жоғары буынға ауысуы кезіндегі бейімделуін анықтау мақсатында арнайы бағдарлама бойынша жұмыстар атқарылды. Филлипс тесті, өзін – өзі бағалау, түзету жаттығулары жүргізілді. Нәтижесінде 1, 5 сынып оқушыларының жоғары сыныпқа бейімделулері жақсы және оңай болды. Сондай ақ мына әдістемелер қолданылды: Оқу мотивациясы мен мектепке көзқарасын анықтау сауалнама , Социометрия, Пәндерге көзқарастарын анықтау. Психодиагностикалық жұмыстар - әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдістемелерін қолдана отырып анықталды. 5 сыныптарды бейімделу кезеңдерінде сабаққа қатысып, Оқушылардың оқу мотивациясын анықтау мақсатында, оқушылардан сауалнама алынды. Оқушылардың жаңа жағдайға үйренуі, жаңа мұғалімдер, жаңа пәндерін өзгерістерін байқап, тез бейімделуне ықпал ету. Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп көрсетеді. Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергені анықталды. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде - 10, орта деңгейде - 8 оқушының көрсеткіштері сай болды. 5«а» сынып оқушыларынан алынған «Бейімделу кезеңі» сауалнамасы. Мақсаты: 5 сынып оқушыларының орта буынға өтудегі кездесетін қиындықтарын, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасын,психо-физиологиялық құбылыс үрей, қорқыныш дәрежесін анықтау. 5 «а» сыныбынан «Бейімделу кезеңі»сауалнамасы18.09.2025ж.алынды. Сыныпта барлығы 18 оқушы сауалнама сұрақтарына жауап берді.
15 оқушы өзімнің күн тәртібім ұнайды деп , 2 оқушы әрқалай , жоқ деп 1 оқушы жауап берді.
Сен үшін қандай пәндер қиын тиеді деген сұраққа:
|
сынып |
математика |
ағылшын |
Орыс тілі |
ешқандай |
|
5 «а» класс |
4 |
4 |
2 |
8 |
Қосымша сабақтарға қатысамын деп 5 оқушы , жоқ деп 13 оқушы жауап берді. Үлкендермен , құрдастарыңмен қарым-қатынасыңа ризасың ба деген сұраққа иә деп 18 оқушы жауап берді, ал құрдастарыммен онша емес деп 0 оқушы жауап берді.Сыныпта сен өзіңді қай рольде сезінесің деген сұраққа ақылды бала ретінде деп 13 оқушы, басқарушы ретінде деп 1 оқушы, білмеймін деп 1 оқушы, жақсы адам деп 1 оқушы, өз қалпымда деп 1 оқушы, жақсы дос деп 1 оқушы жауап берді.
5-6 сынып оқушылар арасында «Ашу-ыза билегенде не істеу керек? »атты сауалнама алынды. Мақсаты: ашушаңдықтың қандай түрі барын анықтау. Сауалнамаға 40 оқушы қатысып, нәтижесі төмендегідей: 35 (88 %) оқушыда агрессияның жоғары деңгейі анықталған жоқ,5(12 %) оқушыда агрессияның негативизм түрі анықталды. Жеке әңгімелесулер жүргізілді, өзін-өзі дұрыс бағалауға, өз-өзін қалай басқаруға кеңестер берілді. 5 «а» сынып Филлипстің мектептегі қобалжуды анықтау сауалнамасының қорытындысы Қатысқандар: барлығы – 14. Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануының сипатын зерттеу» тестінің нәтижесі бойынша Мектепішілік жалпы мазасыздануы-36%, Әлеуметтік стресстік жағдайда болуы 7%, Табысты болу қажеттілік фрустрациясы -0%, Баланың білімін тексеру мен бағалау жағдайынан қорқу -7 %, Баланың өзін-өзі байқауы және бағалауы -29%, Айналасындағы
адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқу -14%, Стресске психо-физиялогиялық қарсы тұруының төмен болуы -0%, Мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары -14% көрсеткіштерін көрсетті.
5 «а» сынып оқушыларына арналған Филлипстің мектептегі қобалжуын анықтау сауалнамасының мониторингі. 5 сынып оқушыларының адаптациясын анықтау мақсатында, “Біз бесінші сыныпқа барамыз” тақырыбында коррекциялық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: 5-ші сынып оқушылардың өз-өздерін тануға, сезімі мен қабілетін түсінуге көмектесу, оқушылар арасында үрей, қорқыныш сезімдерін анықтап психологиялық дайындық орнату. Әрбір оқушы өзінің қасындағы көршісіне бүгінгі сабақта қандай жетістіктерге жеткенін және қандай көңіл күйде болғанын айтып шықты. Қорытынды: Зерттеу қорытындысы бойынша 5 сыныптың бейімделу деңгейі оқушылардың сыныптағы ахуал, мұғалімдерге және пәндерге деген көзқарасы жақсы. Таным процестерінің даму деңгейі орташа, сынып арасындағы қарым-қатынаста шектелген оқушылар анықталмады. Оқушылармен жеке кеңес жұмыстар жүргізілді. Сыныптар арасында топтық жаттығулар өткізілді. 11 – сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстар сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу әдістемелерінің анықтамасы «Мюнстербег» әдістемесі
Мақсаты: Оқушылардың зейінін анықтау
Жүргізілу барысы: Мюнстербег әдісі бойынша сөйлемдерді табу.
Зерттелуші: 11 сынып, барлық оқушы саны-7, қатысқаны-6.
|
сынып |
Жоғары «10-8»балл |
Орта «7-5»балл |
Төмен «4-1» балл |
|
11 «а» класс |
6 |
- |
- |
|
% |
100% |
|
|
11сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу әдістемесінің қорытынды мониторингі
Оқушылардың есте сақтау қабілетін анықтау әдістемесінің анықтамасы
Мақсаты: Оқушының ойлау деңгейін анықтау.
Жүргізілу барысы: суреттерге мұқият қарап есіңе сақта, мен суретті алып тастаймын,ал сіздер естеріңізде қалған сөздерді параққа жазасыздар.
Зерттелуші: 11сынып, барлық оқушы саны-7,қатысқаны-7.
|
сынып |
Жоғары «10-8»балл |
Орта «7-5»балл |
Төмен «4-1» балл |
|
11 «а» класс |
7 |
- |
- |
|
% |
100% |
- |
- |
Қорытынды аттестатауға оқушыларды психологиялық тараптан дайындау. 11 сынып оқушыларымен балалардың ойлау операцияларын, қиял және зейін ерекшеліктерін, коррекциялау мен дамыту жаттығулары жүргізілді. Оқушыларды қорытынды аттестацияға дайындау барысында стресс, қорқыныш, шаршау сезімдерін басуға тренинг-жаттығу жүргізілді.
Қорытынды аттестатауға дайындық жүргізудің психологиялық аспектілері тақырыбында, оқушы бойында қобалжу, стреске төзімділікті төмендету, қорытынды аттестаттауда мен неден қорқамын, емтихан кезінде стресстен қалай арылуға болады, стресс жағдайынан пайда болған үрейді жеңу, қобалжу қалыпты құбылыс, табысқа қадам тақырыптарында тренинг-жаттығулар түсіндірме жұмыстар, кеңес берілді.
Бұл дайындықта оқушылар тестке қалай тиімді жолдармен дайындалу керек, уақытты үнемді пайдалану, сұрақтарды түсініп оқу, дұрыс тамақтану ережелері мен танысты.Сонымен қатар үрейді жеңудің бір неше жаттығуларын орындауда. Қорытынды аттестатауға психологиялық көмек көрсету жұмыстары жоспарға сәйкес өткізілді.
«Мен және менің өмірімнің құндылықтары»
10-11 сынып оқушыларымен өткізілген әдістеме анықтамасы
10-11 сынып оқушыларымен «Мен және менің өмірімнің құндылықтары» әдістемесі өткізілді .
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының өмір және өмір жайындағы құндылықтарын анықтау. Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.Өмірден өзіндік орынын өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу.
Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары туралы анықтамасы
Мектеп оқушыларының арасында аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алуға жағдайларын болдырмауға байланысты сынып жетекшілермен бірігіп тиісті іс-шаралар атқарылды. Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын - алу және болдырмау жұмыстары келесі бағыттарда жүргізілді.
1.Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.
2. Суицидке қауіпі бар оқушыларды анықтау, суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
3.Сауалнама бойынша сынып жетекшілермен, дәрігер мамандарымен өзара пікірлесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру.
4. Алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу.Негізгі мақсаты–өмірге көзқарастарын дұрыс бағыттау және сыныптағы психологиялық ахуалын оңтайландыру (педагогтарға арналған эмоционалдық күйдің алдын - алу бойынша сабақтар, психикалық өзіндік реттеу қабілеттерін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерді арттыру бойынша сабақтар).
5-9 сынып оқушылары арасынан Филлипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануын сипатын зерттеу» тесті алынды. Мақсаты оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу. 2-4 сынып оқушылар арасынан «Үй адам ағаш» проективті әдістеме алынды. Мақсаты: тұлғаның эмоциялары мотивациялық сипаттары, кейбір аспектілері, жасырынып жатқан дүниесін ашуға мүмкіндік береді. Алынған проективті әдістеменің қорытындысы негізінде оқушыларды алаңдататын қауіп қатер белгілері байқалмады.
8-сынып оқушылардың жанұядағы психологиялық ахуалын зерттеу «Менің отбасым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отбасы туралы түсініктерін кеңейту, жанұядағы қарым –қатынасты нығайтуда, әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек деген пікірлер айтылды. Отбасына қатысты бейне баяндамалар көрсетілді.
5-6 сыныптар арасында «Мен болашақ әлемінде» тақырыпта шығарма жазылып оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қарай бағыттау, өмір құндылықтарын ұғындыру, суицидтік жағдайды болдырмаудың алдын алу мақсатымен жүргізілді. Жазылған шығарма нәтижесі бойынша өмірге деген көз – қарасы дұрыс, әр баланың өз алдына қойған мақсаты бар, оған жету жайлы өз ойларын білдірген.
6-10 сынып оқушыларына «Қауіпсіз интернет» тақырыптарында әңгіме қозғалып, аталып отырған мәселе төңірегінде оқушы пікірі тыңдалды.
Оқушыларға интернет желісінің пайдасы мен зияны туралы мағлұмат берілді. Балаларда осыған байланысты өз ойларын ортаға салып талқылады.
Оқушылардың өмір сүруге деген құштарлығын анықтау және де қоғамымыздың болашағы екендігін ұғындыру, имандылыққа, отан сүйгіштікке, жат қылықтардан аулақ болуға, өмірді сүйіп қадір қасиетін түсіндіру мақсатында 8-11 сынып оқушыларына «Маған өмір, мен өмірге керекпін» тақырыбында тренинг-жаттығу жүргізілді. Тренингтің мақсаты: өмірге деген бейімділік, табандылық, қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
7-11 сынып оқушыларының отбасындағы оқушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасын қадағалау мақсатында «Отбасым құндылығым» тақырыбында тренинг-жаттығу жүргізілді.
7-11 сынып оқушыларынан проективті «Есік әдістемесі» алынды. Мақсаты: қиын жағдайға душар болған баланы және де отбасылық зорлық- зомбылықты анықтау. Әдістеме нәтижесінде келеңсіз жағдайларға бейім оқушылар анықталмады. «Мен өмірді тыңдаймын» тақырыбында тренинг-жаттығу,9-11сынып оқушыларымен жүргізілді.Мақсаты:өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу,көңіл-күйді және эмоцияны реттеу, байланыс және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету.5-11сынып оқушыларымен «Күйзелістен қалай құтылуға болады?»,«Пікірталас-ұрыс емес!»,«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту!»,«Ашу-ызамен не істеу керек?» тақырыбында коррекциялық сабақтар өткізілді. Мұндағы мақсаты: оқушыларды күйзеліске қарсы тұра алуға қалыптастыру және де агрессивті сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету,жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы амалдарын дамыту,сенімділік тәжірибесін толықтыру, құрбыларымен зорлық-зомбылықсыз өзара арақатынас жасау болып табылады.
Оқудағы олқылықтарды болдырмау бойынша атқарылған жұмыстары
2-11 сынып аралығындағы үлгерімі төмен оқушылардың тізімі анықталып, үлгерімі төмен көрсеткіш көрсетіп отырған пәндердің ішінде математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиет, химия пәндері бар. Үлгерімі төмен оқушылар санын азайту үшін психологиялық көмек көрсетілді. Тренинг-жаттығулар жүргізіліп, сауалнамалар алынды. Мұндағы мақсатымыз үлгерімі төмен оқушыны болдырмау, сабаққа қызығушылығын ояту, оқушыны жан-жақты тиянақты зерттеп, қабілетін анықтау. Жекелей тапсырмалар беру арқылы тыңғылықты жұмыс жүргізу. Оқушының қиналатын тұстарына көмек беру, тапсырманың орындалуын үнемі тексеру. Оқушылардың ақыл-ой дамуының артта қалмауы үшін, пәнді мезгілінде оқып отыру үшін, үнемі оқушының пәндерді меңгеруін нәтижелерін есепке ала отырып диагностикалауға сынып жетекшілеріне ескертілді. Осы аталған оқушылармен «Жеміс дүкені», «дыбыстық гимнастика», «Сиқырлы дүкен», «менің көңіл-күйім» т.с.с тренинг-жаттығулар, логикалық ойындар, есте сақтау, зейінін дамытуға арналған жаттығулар жүргізілді. «Тамаша көңіл-күй әлемі!» атты тренинг-жаттығулар жүргізілді. 5-11 сынып оқушыларынан Филлипстің балаларда болатын мазасыздықтың түрін деңгейін зерттеу мақсатында «Мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған» әдістемесі алынды. Оқушылар психологиялық күйзеліске ұшырамаған, уайымы жоқ оқушылар екендігі анықталды. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке, топтық жұмыстар атқарылады. Сынып жетекшілерге оқушылардың көңіл-күйлерін үнемі бақылауға, сабаққа дайындығын, қатысуын қадағалауға, тіл дамытуға ( мақал, жұмбақ, жаңылпаш), логикалық тапсырмалар беру, сурет бойынша есеп шығару, тест тапсырмалардың жеңіл түрлерін беру, дәптермен жұмыс, ауызша есептер шығаруға кеңес беріледі. 1-4 сынып оқушыларына «Балалардың ойлау операцияларын, қиял және зейін ерекшеліктерін коррекциялау мен дамыту» жаттығулары жүргізіледі.
Мектеп мұғалімдерімен психологиялық қолдау бойын өткізілген жұмыстар
Диагностика бағыты бойынша мектеп мұғалімдерінен “Жас маман” сауалнамасы, “Қақтығыс жағдайларында мен өзімді қалай ұстаймын, қандай стратегияны таңдаймын?»тесті алынды.
Түзету - дамыту бағытында психологиялық тренинг элементтері бар сабақтар:«Жас келсе, іске», «Педагогтың эмоциялық тұрақтылығы» , «Жақсы көңіл-күй»,«Бала-біздің болашағымыз», «Мотивация-инновация» «Жүйкеден –психикалық күшті түсіру тәсілдері»релаксация жаттығулары өткізілді.
Ағартушылық бағыты бойынша “Жаңартылған білім жағдайында бастауыш сынып оқушыларын психологияқ-педагогикалық сүйемелдеу аспектілері”,«Мектептегі буллинг»,«Жасөспірім суицидінің алдын-алу: жасөспірімге депрессиядан,абыржулық және психологиялық жарақаттан шығуға қалай көмектесуге болады?» тақырыптарында өткізілді.
Мектеп ата-аналарын психологиялық қолдау бойынша өткізілген жұмыстар
Диагностика бағыты бойынша ата-аналарға арналған сауалнама (0,1,5 сыныптары),«Балаңыздың кәсіби бағыттылығы жайында не білесіз?» 9 сынып, ҰБТ жайлы не білеміз?11сынып,жағдайы төмен,сәтсіз жанұя,көп балалы отбасы,толық емес отбасыларында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың үйлерін аралап , сұхбат жүргізу.
Түзету-дамыту бағыты бойынша бала психологиясына кері әсер ететін сайттар мен қоғамдастықтар жайында білеміз бе? (8-11 сынып ата-аналары), ата-аналарға арналған қарым-қатынас коррекциясын дамыту тренинг элементтері бар жаттығулар, «Сөйлемді аяқта...» психологиялық ойын 9-10-11 ата-аналарымен, коррекциялық топтағы оқушылардың ата-аналарымен кездесу, ағарту жұмыстарын жүргізу, кеңес беру. Ағартушылық бағыты бойынша «Отбасы-бақыт мекені»1-11сынып, баланы мектепке даярлау барысында отбасы мен мектептің бірлескен жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру, «Балаңыздың кәсіби бағыттылығы жайында не білесіз?»9сынып ата-аналарының балаларының кәсіби бағыттылығы туралы,«Жасөспірім суицидінің алдын-алу» 9-10-11 сынып ата-аналары, «Суицидтік әрекеттердің алдын алу»6-7-8сынып ата-аналары,«Баланы теледидар және интернет тәуелділігінен қалай қорғауға болады?» тақырыбында түсіндірме және де дөңгелек үстел өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында «Әке жолы ізгі жол» тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығулар өткізілді. Мақсаты: тал бесіктен бастап үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақтың тәрбие тәліміне әкелердің қосар үлесін нығайту. 9-11сынып оқушыларының ата-аналарына «Емтихан кезінде қолдау көрсету мақсатында өз балаңа сенім арт»тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығу жүргізіліп, кеңестер берілді.
Түзету – дамытушылық жұмыс:
1-11сынып оқушыларымен жеке дамыту сабақтары жүргізілді.
Сабақтар баланың есте сақтау қабілетін, көзқарасын, шығармашылық ойлауын, талаптануын, қабылдауын, елестетуін дамытуға, өзін – өзі дұрыс бағалай білуді үйренуге бағытталған. Жұмыстар жеке және топтық жүргізілді
|
№ |
Топтық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары |
Қол жеткізген нәтижелер |
|
1 |
1сынып жаттығулар |
Оқушылардың функцияларының дамуына,оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыруға, танымдық және эмоционалдық дамуындағы кемістіктерді түзетуге көмектеседі. |
|
2 |
2 сыныптар жаттығулары |
Оқушылардың таным үрдісін дамытуға бағытталады. |
|
3 |
3 сынып жаттығулары |
Оқушылардың таным үрдісін дамытуға бағытталады. Есте сақтау,зейін үрдісін дамыту, қабылдаумен байқағыштыққа бағытталған. |
|
4 |
4 сынып жаттығулар |
Оқушылардың таным үрдісін дамытуға бағытталады.Есте сақтау,зейін үрдісін дамыту,қабылдаумен байқағыштыққа бағытталған. |
|
5 |
5 сынып Жаттығулар,тренинг сабақтар «мен 5 сынып оқушысымын»
|
Бейімделуде қиыншылықтары бар оқушылардың негізгі себебін анықтайды. |
|
6 |
6 сыныптар Жаттығулар , тренинг «достық -ең басты қажеттілік»
|
Оқушыларды бір–біріне түсіністікпен қарауға үйретеді. |
|
7 |
7 сыныптар Жаттығулар тренинг «Отбасылық қарым қатынас»
|
Отбасылық қарым–қатынаты анықтауға көмектеседі. |
|
8 |
8сынып Жаттығулар«Мен өмірді таңдаймын»
|
Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. |
|
9 |
9 сыныптар Жаттығулар «Менің болашақ мамандығым»
|
Мамандық әлемін таныстыру, мәлімет беру,мүмкіндіктерін дұрыс түсініп,кәсіби бағыттылығын анықтауға көмек көрсету. |
|
10 |
10сынып Жаттығулар коррекциялық дамыту жұмыстары.
|
Жоғары буында оқуға психологиялық көмек. |
|
11 |
11сынып Мамандық таңдауға,урейлікті төмендету,қорытынды аттестатауға психологиялық тұрғыдан дайындалу бойынша тренингтік сабақтар |
Қиын жағдайларда өз–өзін ұстау, тез шешім қабылдау, эмоционалдық күйі тұрақта болуға жағдай туғызады. |
|
12 |
Ата–аналар жиналысында тренингтік жаттығулар жүргізу |
Ата–аналардың өз баласына қарым –қатынасымен көзқарасы жақсы жағынан қалыптасады. |
|
13 |
Жас мамандармен және мектеп ұжымымен тренингтік жаттығулар |
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. |
Қорытынды:
1.1класс оқушыларының даму деңгейі туралы сынып жетекшілер тарапынан, психологиялық қызмет тарапынан жұмыстар жүргізіліп, сынып жетекшіге, жеке ата-аналарға ұсыныстар берілді.
2. Мектеп бойынша ПМПК тізіміндегі балалармен әр апта сайын жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі.
3. 5-класс оқушылары мектеп жағдайына жақсы бейімделіп, жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму деңгейлері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бейімделу кезеңінің әлі де бейімделу үстіндегі оқушыларға жүргізілген әрбір әдістемені талдап, анықталған нәтиже бойынша ұсыныс беріліп, ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы жүргізілген психологиялық зерттеу нәтижесімен класс жетекшілер мен ата-аналарға таныстырылып, ұсыныстар берілді.
4. 9-11 класс оқушыларымен кәсіптік бағыт-бағдар бойынша психологиялық тренингтер, сауалнамалар, тест жұмыстары алынып нәтижелері шығарылды.
5. Қорыта келе, жүргізілген жұмыстар бойынша жоспарға сай жүзеге асып келді. Жүргізілген жұмыстар уақытында қорытындыланып, таныстырылып отырылды.
II – жарты жылдық
Сыныптар: 1-11 сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық күйін, әлеуметтік бейімделуін, интернетке тәуелділігін және мектепішілік қарым-қатынас деңгейін анықтау, суицидалды мінез-құлық пен буллингтің алдын алу.
1. 1-11 сыныптар аралығындағы жалпы сауалнамалар (Бейімделу және эмоционалдық күй)
1-4 сыныптар: Лусканова әдістемесі бойынша мектепке мотивациясы мен бейімделуі тексерілді. Басым көпшілігінде 70,15% бейімделу деңгейі жоғары. Төмен деңгей көрсеткен 20,10% оқушылармен түзету жұмыстары жүргізілуде.
5-11 сыныптар: Оқушылардың мазасыздық деңгейі (Филипс әдістемесі) зерттелді. ҰБТ және емтихан тапсыратын 9, 11-сыныптарда емтихан алдындағы психологиялық деңгейі орташа. Бір қалыпты.
2. Үмітсіздік деңгейін анықтау сауалнамасы (Бек шкаласы) — 5-11 сыныптар Мақсаты: Оқушылардың болашаққа деген көзқарасын, депрессивті күй мен суицидалды қауіп - қатердің алдын алу.
Нәтиже:
Сынақтан өткен оқушылар саны: 120
Төмен деңгей (психологиялық жағдайы жақсы, болашаққа сеніммен қарайды): 95 оқушы 79,2%.
Орташа деңгей (жеңіл уайым бар, көңіл - күйі тұрақсыз): 20 оқушы 16,7%.
Жоғары деңгей (үмітсіздік белгілері бар, жіті бақылауды қажет етеді):ондай оқушы табылмады.
3. Буллинг және мектептегі зорлық-зомбылықты анықтау сауалнамасы 5-11 сыныптар
Мақсаты: Мектептегі психологиялық климатты және қудалау (буллинг, кибербуллинг) фактілерін анықтау.
Нәтиже:
Оқушылардың 91,17%-ы мектепте өздерін қауіпсіз сезінетінін айтқан.
5-11 сынып оқушылары арасында өткізілген буллинг пен мектептегі зорлық-зомбылықты анықтау сауалнамасының қорытындысы бойынша білім алушылар бойында ешқандай эмоционалдық күйзеліс пен қысым көру белгілері анықталмады. Зерттеу нәтижесі мектеп қабырғасында салауатты психологиялық ахуалдың орнағанын, балалардың өзара достық, сыйластық қарым-қатынаста екенін және өздерін толық қауіпсіз сезінетінін көрсетті. Бұл — мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен психологиялық қызметтің бірлескен жүйелі жұмысының оң нәтижесі.»
4. Интернетке тәуелділікті анықтау сауалнамасы (Кимберли Янг әдістемесі) 5-11 сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың гаджеттер мен әлеуметтік желілерге тәуелділік деңгейін зерттеу.
Нәтиже:
Қалыпты пайдаланушылар: 90 оқушы (90%).
Орташа (тәуелділік қаупі бар): 10 оқушы (10%) – бұл оқушылар бос уақытының көп бөлігін желіде өткізеді.
Қабылданған шаралар: Ата –а налар жиналысында «Баланың интернет қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама жасалып, «Цифрлық детокс» бойынша жадынамалар таратылды.
Қорытынды және ұсыныстар
ІІІ тоқсан барысында сауалнамалар нәтижесінде ерекше қолдауды қажет ететін, сондай - ақ өз еркімен жүгінген оқушылармен жүйелі түрде жеке жұмыстар жүргізілді. Жеке кеңес беру барысында оқушылардың эмоционалдық ерік - жігеріне, ішкі мазасыздық деңгейін төмендетуге және тұлғалық сенімділігін арттыруға басымдық берілді. Жүргізілген терапиялық әңгімелесулер мен жеке тренингтердің нәтижесінде балалардың психоэмоционалдық жағдайының тұрақталғаны, өзін - өзі бағалау деңгейінің артқаны және ішкі күйзелістерінің сейілгені байқалды. Әрбір баламен сенімді қарым - қатынас орнатылып, олардың тұлғалық дамуына бағытталған жеке қолдау карталары толтырылды. Келесі тоқсанға ұсыныстар:
1. 9, 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша апталық тренингтер өткізу.
2. Ата - аналарға баламен сапалы уақыт өткізу және экран уақытын шектеу бойынша кеңестерді күшейту.
Сәуір – мамыр айларында жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізді. Оқушылармен психологиялық диагностика, жеке және топтық кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайы мен оқу мотивациясы зерттелді. 11-сынып оқушыларымен ҰБТ - ға дайындық бойынша әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, сауалнамалар алынды. Оқушыларға емтихан алдындағы қобалжуды төмендету, өз-өзіне сенімділікті арттыру және уақытты тиімді пайдалану бойынша психологиялық кеңестер берілді. Қиындық байқалған оқушылармен түзету - дамыту сабақтары өткізілді. Ата - аналарға бала тәрбиесі, жас ерекшелігі және психологиялық қолдау бойынша кеңестер берілді. Мұғалімдермен бірлескен жұмыстар атқарылып, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға назар аударылды. Буллингтің алдын алу, қауіпсіз мінез - құлық және психологиялық қолдау тақырыптарында тренингтер мен әңгімелер өткізілді. Жоспарланған жұмыстар уақытында орындалды.