"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Актана Толеубаева села Коргалжын отдела образования по Коргалжынскому району управления Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде бармыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің, суицидтің, қылмыстық істің, заң бұзушылықтың алдын алу

2023 жылдың 03 мамыр  күні  Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың,  ерте жүктіліктің, суицидтің, қылмыстық істің, заң бұзушылықтың алдын алу" тақырыптарында  мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. 
 Ата аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары бойынша, мектепішілік Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Алибекова Марал Қоржынбайқызы,  
аудандық білім бөлімінің тәрбие әдіскері Тұрсынова Асем Алдабергенқызы, 
аудандық ІІБ-нің жасөспірімдер жөніндегі испекторы Саден Айтолқын Төлеутайқызы қатысып, тақырып аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңыздылығын арттыру. Баланың мейірімді,  сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. 
  Мектеп психологы Г. Ахметова  "Мектептегі буллингті болдырмаудағы ата ананың рөлі" тақырыбында ата-аналарға  презентация ұсынып, өз баяндамасымен таныстырды.
Мектептің медбикесі Б.Қылышбаева "Ерте жүктілік деген не?" Тақырыбында өз баяндамасымен таныстырды.

    

Жаңартылған күні: 03.05.2023 17:25
Құрылған күні: 03.05.2023 17:41

Текст