Текст
Бүгін яғни 3 мамыр күні Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті. Байқауға оқушылармен бірге сынып жетекшілері де қатысты. Патриоттық әндер шырқалып, Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында мектептің акт залы ерекше атмосфераға толы болды. Нәтижесінде байқаудың жеңімпаздары анықталып, жүлделі орындармен және сыйлықтар өз иелерін тапты.