2023 жылдың қыркүйек айының 15 жұлдызында мектебімізде "Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы" тақырыбында жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: ата- аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Жиналысқа Қорғалжын АПБ ЖПҚБ бастығы полиция капитаны Е.Асанбаев қатысып, оқушылардың ата - аналарына "Құқықбұзушылықтың алдын алу" , "Жол қауіпсіздік шараларын сақтау" және " Түнгі уақытта жүру" тақырыптарында дәріс өткізді.
Күн тәртібіндегі сұрақтарға сүйеніп, жаңа оқу жылының ата-аналар комитетінің төрағасы сайланды.
Жаңартылған күні: 26.09.2023 11:27
Құрылған күні: 26.09.2023 11:27