,,Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі ,, КММ де
27.02.2024 ж мектепішілік ,,Үздік педагог-2024,, байқауы өтті. Байқаудың мақсаты:
-педагог мамандығының мәртебесін арттыру;
-байқауға қатысушының педагогикалық ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсету;
-мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін ынталандыру;
Байқауға бастауыш сынып ұстазы А.А. Исатаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.М.Уткельбаева, информатика пәнінің мұғалімі А.Қ.Далабаев, технология пәнінің мұғалімі А.Н.Журкаева қатысты. ,,Үздік педагог-2024,, байқауы 5 кезең бойынша өткізілді.
І кезең ,, Педагогтің визиттік карточкасы,,
ІІ кезең ,, Психологиялық- педагогикалық жағдаяттар,,
ІІІ кезең. Эссе байқауы
IV кезең. ,, Үздік бейнесабақ,,
V кезең. Педагогтың өнері
Байқау қызықты да танымды өтті. Қатысушылар тапсырмалардың бәріне де шығармашылықпен қараған. Жоғары ақпараттық мәдениеттілікті, білім мен білікті , дарындылықты, көтеріңкі көңіл сезімін көрсете білді. Байқау қорытындысына сәйкес жүлделі ІІІ орынды информатика пәні мұғалімі А.Қ. Далабаев , ІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.М Уткельбаева, І орынды бастауыш сынып мұғалімі А.А..Исатаева , Бас жүлде және аудандық кезеңге жолдаманы технология пәнінің мұғалімі А.Н Журкаева иеленді. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырған: директордың оқу- тәрбие орынбасары А.Тоташева