Қазақстанның дамыған өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін білікті заңгерлердің заңнан хабары бар азаматтарымыздың көп болғаны дұрыс.
Құқықтық тәрбие мектеп табалдырығын аттаған күннен қолға алынса, жас жеткіншекке, жер шарындағы барлық заттардың құқықтық қамқорлыққа алынатындығын түсіндірсе, баланың қоғамдағы мінез-құлық тәртібі мен құқықтық мәдениеті қалыптасады. Оларды қалыптастыру – мектеп оқушыларының жасына сай мүмкіндіктерін, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу арқылы кезең-кезеңмен жүргізіледі.
1-4 сыныпта өнегелілікке көбірек орын беріп; нәтижесінде істеген қылықтары үшін жауапкершілік туралы түсінік беріледі. Жас жеткіншекке отандық сүйіспеншілік , отаншылдық сезімді қалыптастырады.
5-8 сыныпта бастапқы құқықтық білімді тереңдете отырып, еліміздегі өркендеп келе жатқан ел мәдениеті, өмірдің нормалары мен талаптарын жалпы қоғам үшін атқарылған еңбек жетістігі, қоғамға деген адамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру туралы сабақтар мен тәрбие жұмысы.
9-11 сыныпта Конституцияда өрбіген басқа заң түрлерінен толық хабардар болу қалыптасады. Қазақстан Республикасының Заң негіздері мен нормаларына байланысты нақты білім беру.
Мектебімізде АІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторымен бірігіп құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырылды, соны мен қатар сынып жетекшілер жылдық тәрбие жоспарларына сәкес сынып сығыттыры өтеді.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Заңын және өз құқықтарын жете біліп, қорғай білетін тұлға тәрбиелеу;
Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету;
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
Қазіргі заман талабына сай парасатты, Отанын, елін, тілін
сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу;
Құқықтық негіздерінен алған білімді іс жүзінде қолдана білуге үйрету;
Міндеті:
- Кәмелетке толмағандардың қараусыз қалмауын, құқық бұзушылықтарын болдырмау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жұмыстары жөніндегі мәселелерді шешу. Заң қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқаруын үйлестіру, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық туралы мәселелерін қарау және қоғамдық тәртіпті қорғау мекемелері мен арнайы тәрбиелеу мекемелері арқылы әдістемелік жұмыс жүргізу.
- Кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы маскүнемдік, нашақорлық, жыныстық жүгенсіздік, зорлық-зомбылықтың етек алуымен күресу;
- Құқық тәртібін бұзған, сондай-ақ оқу тәртібін бұзуға, маскүнемдікке, бұзақылыққа және адамгершілікке қайшы өзге әрекеттерді жасауға бейім адамдардың есебін алып, олармен жеке тәрбие жұмысын жүргізу.
Заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайын талдау, қорытындылау мен зерттеудің негізінде тиісті органдарға заң бұзушылықтың себептері мен оның болуына көмектесетін жағдайларды жою туралы ұсыныстар мен нұсқаулар беру.
Аудандық жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторымен бірлесе мектепке келе алмайтын қиын балалар тобын мектепке тарту мақсатында рейдтерге қатысып, себепсіз сабақтан қалған оқушылармен тәрбие жұмыстарын жүргізілді.
Оқушылармен «Әділеттілік заңы», «Құқық бұзушылық» тақырыбына әңгіме – кеңес жүргізіп, Қазақстан Республикасының Қылмыс Заңы бойынша қылмыстың баптарын табу іскерлік ойындары өткізілді.
«Бала құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың, тәртіп сақтап,бопсалаудың алдын алу » тақырыбына 9-10 сынып оқушыларымен АІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы О.Дәулетов дәрісі өтіп мекттеп психологы 9 сынып оқушыларынаң «Сен өз құқығынды білесің бе?» атты сауалнама жүргізілді.
1-4 сыныптарда сынып жетекшілері сынып сағаттарында Бала құқықтары туралы конвенцияның баптарынан түсініктер берді.
5-8 сыныптарда сынып сағаттарында Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтарымен таныстырулар және Дүниежүзілік ЖҚТБ індетіне қарсы айлық іс-шаралар жоспары құрылып, 8-10 сынып оқушыларына АҚТҚ/ЖҚТБ- мен өмір сүретін жайында мағұлматтар беріліп, тренинг өткізілді.
Ата-аналармен «Тәрбиелеуге міндеттісің» тақырыбында жеке әңгімелер, оқушылармен «Зиянды есірткі заттар және қылмыс» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізілді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлімет жинап, балалармен жеке әңгімелер жүргізілді.
Тәрбие ісінің меңгерушісінің: С. Айкишева