Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
бойынша еліміздің барлық өңірлерінде Республикалық «Қамқорлық қайырымдылық»
акциясы өтуде. Осы ізгі шара Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектепте ағымдағы жылдың 10 қаңтар
мен 10 ақпан аралығында жоспарға сай ұйымдастырылуда. Аталмыш акция аясында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетеміз деп « Еріктілер» тобы көмекті қажет ететін жалғыз басты қарт
адамдарға қолғабыс етті. Қарларын күреп,
суларын тасып, көмірлерін кіргізіп, отындарын жарып берді. Осы уақыт аралығында
үй иесі балалармен сұхбаттасып, ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді. «Шын
мұқтаждың алғысынан асқан разылық жоқ»-
дегендей, осындай адамдардың батасын алып, ризашылығына кенелген жас ұрпақ сана сезімі бай, рухани жан дүниесі кең болып
өсері анық. Әрбір жасаған қайырымдылық
іс жүректен шынайы шығуы керек.