26.02.2025
Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 5-11 сынып оқушылары "Жас Ұрпақ" балалар қоғамдық бірлестігіне көшбасшыларды қабылдау шарасы өтті.
Жаңа мүшелер ұйымның мақсат-міндеттерімен танысып, салтанатты түрде қабылданды. Бұл шара жас ұрпақты белсенділікке, жауапкершілікке және көшбасшылыққа баулуға бағытталған.
Қорғалжын аудан прокуроры Кемелбеков Жасұлан Бурханбайұлы және Қорғалжын ауданы ІІПБ басшысы Қуанышов Дархан Ермекұлы "Жас Ұрпақ" ұйымына оқушыларды салтанатты түрде қабылдап, мойындарына шарф тағып, сәттілик тіледі.
Көшбасшылық - жауапкершилік! Алда жаңа белестер мен жарқын бастамалар күтіп тұр!