1- наурыз халықаралық алғыс айту күні апталығына орай
Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебінде өткен іс-шаралар
есебі
Ағымды жылдың 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында 1- наурыз Халықаралық алғыс айту күніне орай Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебінде жоспарға сай іс – шаралар өтті.
Алғыс айту күні –ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Осыған орай мектебімізді бірінші қабатыңда «Бұлақ жердің сый, алғыс елдін сый» атты стенд құрылып, стендқа «жүрек» формасындағы плакаттар ілінді, ол плакаттарға оқушылар өздерінің ата- аналарына, ұстаздарына және достарына алғыстарын білдірді.
1 – наурыз күніне орай мектебімізідің бірінші қабатында «Шаңырақ» ата- аналар мен оқуларға арналған кабинет ашылды.
Барлық сыныптың сынып жетекшілері «Алғыс айту» күніне қарсы сынып сағаттарын өткізді.
Мектептің «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар ұйымы оқушылаы ұстаздар мен оқушыларды құттықтап смайликтар мен тәтті кәмпиттер тапсырды.
Мектеп директоры Қ. Шамбеков