Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебінің 2019-2020 оқу жылының 5 қыркүйек күні «Тіл –ұлт болашағы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Бастауыш сынып оқушылары тіл туралы тақпақтар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, әндер орындады.
І қабаттың фойесінде «Тіл –ұлт болашағы» стенд ұйымдастырылды.
2019 жылдың 10 қыркүйек күні «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жалпықазақстандық диктант өтті. «2019 jyl –jastar jyly» тақырыбында өткен диктантқа мектебіміздің 30 ұстазы қатысты.
11 қыркүейек күні Қазақстан Респбликасы тілдер күні мерекесі аясында «Ана тілім -ардағым» атты 3 «А» сыныбында тәрбие сағаты өтті.
Қазақ тілі мәртебесін көтеру, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамыту мақсатында мектепте 9-11 сыныптар арасында эссе байқауы өткізілді. 5-7 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінің ұстаздары С.Айкишева, А.Күреген «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынды үш тілде өткізді. Орыс тілі пәнінің ұстаздары Г.Такенова, А.Бекенова КВН ойынын лингвистикалық лаборатория түрінде өткізді. Бастауыш сынып оқушылары да осы онкүндік аясында белсенділік танытып, тақырыптық іс-шаралар өткізді. «Ана тілім -ажарым», «Сүйемін туған тілді, ана тілін», «Тіл жүректің үні» атты тәрбие сағаттарында 1-4 сынып оқушылары туған тілі, елі туралы әңгіме қозғап, өз ой -пікірлерін айта білді. 4 «А» сынып оқушылары зияткерлік ойын барысында өз білімдерін көрсете білді.
Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігі 1-11 сыныптар арасында «Тіл мерейі, ел мерейі» атты салтанатты түрде онкүндіктің қорытындысын үш тілде өткізді. Жиынның соңында белсенді оқушылар мен сыныптар марапаттауға ие болды.