2019 жылдың 03 қазан күні мектебімізде «Экосағат» халықаралық акциясы өтті. Мектеп оқушылары белсенділік танытып, іс-шаралар таңертеңгі жиыннан басталып, 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттарымен жалғастырылды. «Экология және біз», «Табиғат -сенің өз үйің»,
Өткізілген тәрбие сағаттардың мақсаты: табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту, экологиялық тұрғыдан саналылықты тәрбиелеу, жерді, ауаны ластанудан сақтау. «Экосағат» түрлі формада өткізілді: экологиялық сайыс, видеороликтер көрсетілді, тақырыптық суреттер, суға ұқыптылықпен қарау мақсатында 11 сынып оқушылары сумен тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Аудан әкімі Жанбаев Берік Амантайұлының қатысуымен оқушылармен бірге мектеп ауласына көшеттер отырғызылды. Балаларға өзінің тілегін білдіре отырып, алғашқы көшетті отырғызды.