Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет –ол мінез –құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезге де сәйкес келуі міндетті. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық.
Жасөспірімдерге мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру мақсатында мектебіміздің кәсіби бағдар берушісі Лөкетқызы Махаббат 10-11 сынып оқушыларымен «Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?» тақырыбында кездесу өткізді. Оқушыларға алдын ала мамандық таңдаудың психологиялық диагностикадан өткізудің маңыздылығы мен мамандық таңдауда темперамент және мамандық типтерінің рөлі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушыларға болашақ мамандықты анықтайтын тегін тест сайттары, Қазақстан бойынша жоғары білім орындарының тізімі бар сайт ұсынылды.
Мамандықтар бойынша ағарту жұмысын жүргізу және кәсіби бағдар беру жұмысының мәні өте терең. Сондықтан мектеп психологиялық қызметінің міндеттерінің бірі -балаларға мамандықты дұрыс таңдатуы болып табылады.