2023 жылдың 02 ақпан күні "Отбасындағы бала тәрбиесі" тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңыздылығын арттыру. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.
Ата аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтары бойынша, Қорғалжын аудандық ІІБ-нің жасөспірімдер жөніндегі испекторы А.Саден "Кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында "түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қорғалжын ауданы ПБ КПБ жедел уәкілі Е. Жұмабаев "Интернет алаяқтарынан сақтанайық" тақырыбында ата аналарға қажетті ақпарат берді.
Мектеп психологы Г.Макажанова "Мектептегі буллингті болдырмаудағы ата ананың рөлі" тақырыбында ата-аналарға презентация ұсынып, өз баяндамасымен таныстырды.