Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарға сәйкес «Жас Қыран» ұйымы қатарына оқушылар салтанатты түрде қабылданды.
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында желтоқсан айының 12 жұлдызы күні мереке қарсаңында өткен еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай "Жас ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектебіміздің 3 «А» сыныбының 18 оқушысы салтанатты түрде АНТ беріп қабылданды. Салтанатты іс-шараға мектебіміздің оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Айкишева Салтанат Бейсембайқызы, ардагер ұстаз Байзильдина Рысты Сушықызы, «Жас сарбаз» клубының жетекшісі, ауған соғысының ардагері Рахмангулов Сәрсенбай Смағұлұлы, аудандық жастар ресурстық орталығының өкілі Мусина Ақнұр және мектеп ұстаздары қатысып, «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук байлау рәсімін жасап, жаңадан қабылданған «Жас Қыран» мүшелерін құттықтады.