Текст
2019 жылдың 24 желтоқсан күні мектебімзде «Темекі және нашақорлықтың ағзаға зияны» тақырыбында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы З.Бексұлтанова, аудандық жасөспірімдер инспекторы А.Сайлау 5-11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.
Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы З. Бексұлтанова темекі және «снюс» кәмпиттері туралы мәлімет берді. Мектеп директоры Қ. Шамбеков кездесуді кіріспе сөзбен ашты. Мектеп медбикесі Б.Қылышбаева осы тақырыпқа өз баяндамасын оқыды. Мектеп психологы «Нашақорлық ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында ақпараттар берді.