Текст
Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде "Жаздық жолдама 2024" – қайырымдылық жобасын аясында, Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Дуанбеков Нұрсұлтан Қайыргелдіұлы мектебімізге - 2 жолдама табыс етті. "Жаздық жолдама" жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардың зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді.
Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.