Текст
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты, Қорғалжын ауданы әкімінің 2020 жылдың 09 сәуіріндегі № А-41/39 қаулысына және аудандық білім бөлімінің 2020 жылдың 10 сәуірдегі №84 бұйрығымен 2020 жылдың 06 сәуірден бастап, 4 тоқсанда қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуіне орай Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебінің әр түрлі санаттағы отбасынан шыққан (көпбалалы, жағдайы төмен, тұл жетім, жартылай жетім т.б) балаларға «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен 91 отбасынан 148 балаға, тегін ыстық тамақ ұйымдастыру аясында азық-түлік тауарлармен қамтылды.