"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа имени Актана Толеубаева села Коргалжын отдела образования по Коргалжынскому району управления Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде бармыз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақтан Төлеубаев атындағы орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Білімді жастар-ел болашағы» атты мектепішілік «робо-фестиваль» сайысы туралы мәлімет.

06.03.2018

Ақтан

Төлеубаев атындағы орта мектебінде

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» аясында

 «Білімді жастар-ел болашағы»  атты

мектепішілік

«робо-фестиваль» сайысы туралы  мәлімет.

       Мектептердегі білім беру Robotics бүгін

маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Технология, заңдар технологиясы, білім құбылыс

түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын

табуға мүмкіндік береді.

      Оқушылар

алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы

келеді. Сол  мақсатпен мектебімізде

робототехника үйірмесі  өз жұмысын 2017

жылдың наурыз айынан атқара бастады. Оқушыларға роботтардың түрлерін

таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндірілді.

    Біздің оқушыларымыз робототехника

құралдарын  қызығушылықпен пайдаланып, әр

деңгейдегі   Робо-фестивальдеріне қатысып,

жүлделі орындарға ие болды: Көкшетау қаласында өткен І-ші облыстық  Робототехника сайысында ІІІ-орынды иеленді;  Ақтөбе қаласында

өткен KazRobotics-2017 Халықаралық робо-фестиваліне  «DESTROY» 

тобының құрамында 8-10 сынып оқушылары Алибеков Ж,  Базаров А, 

Жаманбаева М,  Ильясов Т қатысып, сертификатқа ие болды.

 Робототехника өмірдің барлық

саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап

нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Біздің оқушылар үйірмеде

«Lego» роботтары негізінде үйренеді.  Робот істеу – әр адамның ойлай білуіне байланысты. Мұнда мақсатқа жету

маңызды. Оқушылар сабақтан кейін үйірмеге қатысып, құлтемір жасауды үйренеді.

Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған

кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде

математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады.

Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап

үйренеді. Мұндағы басты мақсат – балаларды ғылымға баулу.

      Осы мақсатты жүзеге асыру барысында

мектепішілік «Дарын»ОҒҚ  тобының

жетекшілігімен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында

 «Білімді жастар-ел болашағы»  тақырыбында робо-фестиваль 6 топтың арасында

өтті. Жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.                                                                                                                                                 

Просмотров: 427


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст