Текст
Елімізде болып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты 1-қыркүйек білім күні ерекше форматта өтті. 1-4 сынып оқушылары барлық санитарлық нормаларды сақтап, қоңыраудың үнімен мектеп табалдырығын аттады. 1-4 сыныптар арасында «Ата заң –еліміздің тірегі, Тәуелсіздігіміздің тұғыры!» тақырыбында, 5-8 сыныптар арасында «Абай дана, Абай дара қазақта», 9-11 сыныптар арасында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы Әл - Фараби» тақырыптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді.